«Мемлекеттік ж?не ?леуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы (2026.12.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді;

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;

5) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолданады;

2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда

6) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7) мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету реинжинирингін жүзеге асырады;

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нəтижелері бойынша ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді;

2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру процесін бағалауды жүргізу үшін ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді;

2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділік береді;

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына береді;

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізеді;

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13) көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету тəртібін айқындайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілерді жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидаларын сақтауын қамтамасыз етеді;

14) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 6-тарау 11-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

11-1-бап. Мемлекеттік корпорацияның қызметін ұйымдастыру

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік корпорация «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету бойынша қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы провайдер болып табылады.

2. Мемлекеттік корпорация акционерлік қоғам нысанында құрылады, ол коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Мемлекеттік корпорацияның өз филиалдары болады.

3. Мемлекеттік корпорацияның жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. Мемлекеттік корпорацияның уәкілетті органы орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалады.

4. Мемлекеттік корпорация:

1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етеді;

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз етеді;

2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1) жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметін Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы хабардар етеді;

3) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етеді;

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) азаматтардың дербес деректеріне қолжетімділігі бар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету процесіне қатысатын Мемлекеттік корпорация қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тексеруге жатады;

4) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;

5) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жеке және (немесе) заңды тұлғаларға «бір терезе» қағидаты бойынша, оның ішінде электрондық нысанда және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның мобильдік қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетеді және (немесе) көрсетуді ұйымдастырады;

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 6-1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6-1) Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынылатын немесе Мемлекеттік корпорация ұсынатын мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат береді;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды

6-2) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде жеке тұлғаларды биометриялық сәйкестендіру үшін олардың биометриялық деректерін жинауды, өңдеуді және сақтауды жүзеге асырады;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 6-3) тармақшамен толықтырылды

6-3) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде жеке тұлғаларды биометриялық сәйкестендіру үшін олардың биометриялық деректер базасын жүргізуді жүзеге асырады;

2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 6-4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

6-4) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың әкімшілік органдарға, лауазымды адамдарға жолданымдарын қабылдауды және өтініш берушілердің сұрау салуы бойынша оларға жауаптардың берілуін ұйымдастырады;

7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 11-2-баппен толықтырылды (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

11-2-бап. Әріптестік ұйым

1. Мынадай:

1) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген;

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша айқындаған талаптарға, оның ішінде ақпараттық қауіпсіздікті және дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарға сәйкес келетін;

3) әріптестік келісім жасасқан кәсіпкерлік субъектісі осы Заңға сәйкес әріптестік ұйым бола алады.

2. Әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектілерін іріктеуді мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.

Шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарын және (немесе) өкілдіктерін қоспағанда, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша айқындаған талаптарға сәйкес келетін кәсіпкерлік субъектілері іріктеуге жіберіледі.

3. Үлгілік әріптестік келісімді мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

 

 

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ТІЗІЛІМІ, ОЛАРДЫ КӨРСЕТУ ТӘРТІБІН АЙҚЫНДАЙТЫН ЗАҢҒА ТӘУЕЛДІ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТ

 

2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12-бап. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімі

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне енгізілуге жатады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

3. Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау және оларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне енгізу тәртібін мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

4. Әріптестік ұйымдар мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдауды және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беруді жүзеге асыра алатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімінен іріктеуді мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

 

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 13-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13-бап. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлеуге және бекітуге қойылатын жалпы талаптар

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қойылатын бірыңғай талаптарды қамтамасыз ету үшін орталық мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсететін мемлекеттік қызметтер үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және келісу «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы осы Заңның 15-бабында айқындалатын тәртіппен жария талқылауға жатады.

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, өзгерту, толықтыру және олардың күшін жою мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің ұсыныстары негізінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі және (немесе) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.

 

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

14-бап. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің мазмұнына қойылатын талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт:

1) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) мыналардың:

мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызмет керлерінің) әрекет ету;

мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасау;

мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану;

мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру тәртібін сипаттауды;

2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда

3) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға және көрсетілетін қызметті берушілерге жіберу тәртібін;

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-1) тармақша өзгертілді

3-1) мыналарды:

мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын;

мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауын;

көрсетілетін қызметті берушінің атауын;

мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдерін;

мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімін;

мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысанын;

мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесін;

мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін;

көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигін;

мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін;

мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны;

2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптарды көздейді.

 

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 15-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертпелері мен ұсыныстарын ескеру мақсатымен жүргізіледі.

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлейтін орталық мемлекеттік орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын жария талқылау үшін оны «электрондық үкіметтің» веб-порталында, өзінің интернет-ресурсында және (немесе) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің интернет-ресурстарында орналастырады, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы туралы хабардар етілуін өзге де тәсілдермен қамтамасыз етеді.

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын жария талқылау оның жария талқылау үшін орналастырылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлейтін орталық мемлекеттік орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы есеп жасайды, ол «электрондық үкіметтің» веб-порталында, өзінің интернет-ресурсында және (немесе) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің интернет-ресурстарында орналастырылуға жатады.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы есепте:

қабылданған және (немесе) қабылданбаған ескертпелер мен ұсыныстар бойынша негіздемелер қоса беріле отырып, жария талқылау барысында алынған ескертпелер мен ұсыныстардың тізбесі мен қысқаша мазмұны;

мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің келіп түскен ескертпелер мен ұсыныстар ескеріле отырып пысықталған жобасымен танысу тәсілі туралы ақпарат қамтылады.

Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасына осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен ескертпелері мен ұсыныстары қарауға жатпайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жария талқылау нәтижелері бойынша пысықталған жобасы және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы есеп мүдделі орталық мемлекеттік органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне келісуге жіберіледі.

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобалары осы бапта белгіленген тәртіппен міндетті түрде жария талқылануға жатады.

 

16-бап. 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

17-бап. 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК НЕМЕСЕ ƏЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ БАР ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ

 

2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

18-бап. Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету

1. Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсетілетін қызметті берушілер көрсетеді.

2. Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушілер арқылы;

2) Мемлекеттік корпорация арқылы;

3) әріптестік ұйымдар арқылы;

4) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы;

5) стационарлық абоненттік құрылғы арқылы;

6) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы;

7) орталық мемлекеттік органдар айқындаған ақпараттандыру объектілері арқылы жүзеге асырылады.

 

2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 19-бап өзгертілді

19-бап. Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетуі

Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсетуіне қойылатын талаптар және оларды көрсету тәртібі мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде айқындалады.

Əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетудің талаптары мен тəртібін көрсетілетін қызметті берушілер əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетудің үлгілік қағидаларына сəйкес əзірлейді жəне көрсетілетін қызметті берушілер осы Заңның талаптарына сəйкес бекітеді.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету қағидаларында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

 

2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен 19-1-баппен толықтырылды; 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 19-1-бап өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)